
ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Салалық кәсіподақтың Ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бас маманы Ғ.Айкумбаева жұмыс сапарымен Түркістан облыстық ұйымында болды. Сапар барысында ол кәсіподақ мүшелерін марапаттау рәсімдерін ұйымдастыруға байланысты практикалық және әдістемелік көмек көрсетті.
Орталық комитет өкілі марапаттарды ресімдеудің тәртібі мен талаптары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар облыстық деңгейде берілетін марапаттардың рәсімделуін де Ережеге сай жүргізу қажеттілігі атап өтілді. Марапаттау құжаттарын толтыруда жиі кездесетін қателіктер мен олқылықтарды болдырмау мақсатында нақты мысалдар келтіріліп, ұсыныстар берілді.
Облыстық ұйым марапаттау жұмыстарын Салалық кәсіподақтың Атқару комитеті бекіткен Ережеге сәйкес жүргізеді. Сапар қорытындысы бойынша Орталық комитет өкілі марапаттау ісін жетілдіру, рәсімдердің бірыңғай тәртіпке сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар ұсыныстар мен әдістемелік кеңестер ұсынды.
-
Фото
-