
ӨҢІРЛІК КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫ САУЫҚТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Шығыс Қазақстан облысы оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа бюджеттік қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымының өкілі А.Қонакбаева Шығыс Қазақстан облысында "АМАНАТ" партиясы жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік Кеңестің кезекті отырысына қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жазғы демалысты ұйымдастыру мен сауықтыру шаралары талқыланды.
Бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері сөз сөйлеп, ШҚО білім басқармасының өкілі баяндама жасады. Ал, әлеуметтік әріптестік аясында ШҚО жергілікті кәсіподағы тақырып төңірегінде қосымша ақпарат берді.
Өз сөзінде А.Қонакбаева кәсіподақтың сауықтыру бағытындағы қызметі туралы айтып өтті. "Жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру - білім кәсіподағы үшін маусымдық науқан емес, дәстүрге айналған ізгі іс. Сондықтан да, бұл бағыттағы жұмыстар жыл сайын жүйелі әрі зор жауапкершілікпен жүргізіледі" - деді ол. Кеңес мүшелерінің сұрақтарына нақты жауап берілді.
-
Фото
-