
ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗДІ
Ақтөбе облысының Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Рита Еркусимова аудандағы бірқатар білім беру мекемелеріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарында қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді. Қоғамдық бақылау Есет-Батыр атындағы мектеп-бақшасында, Тоқмансай орта мектебінде және Тоқмансай негізгі мектебінде өткізілді.
Аталған бақылау шарасының басты мақсаты – бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын бағалау, білім беру мекемелеріндегі еңбек жағдайларын бақылау, педагогтардың әлеуметтік құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету болды.
Жұмыс барысында Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Рита Еркусимова іс-қағаздардың дұрыс толтырылуы мен еңбек заңнамасының орындалуын қадағалады. Сондай-ақ білім беру мекемелеріндегі еңбек және ұжымдық шарттардың орындалуына жіті назар аударып, әдістемелік көмек көрсетті.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдарында қоғамдық бақылау жұмыстары аудан көлемінде алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады…
-
Фото
-