
ЕҢБЕК АДАМЫ
Ұлағатты ұстаз, тәжірибелі басшы – Жұбанова Қансұлу Жұмағұлқызы – өмірін білім мен тәрбие саласына арнаған жан. Ол 2001 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1981 жылы аға тәлімгер болып бастап, кейіннен мұғалім, директордың орынбасары, мектеп директоры қызметтерін абыроймен атқарды. 2003 жылдан бастап Ақсай негізгі мектебінің директоры, ал 2011 жылдан бері Талдысай орта мектебінің басшысы әрі пән мұғалімі қызметін атқарып келеді.
Қансұлу Жұмағұлқызының жетекшілігімен оқушылар түрлі деңгейдегі олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, облыстық деңгейде қолданылатын әдістемелік құралдардың авторы атанды.
Көп жылғы еңбегі мен табандылығы үшін ол ҚР Білім және ғылым министрлігінің, облыс әкімінің, республикалық қоғамдық бірлестіктердің марапаттары мен төсбелгілеріне ие болды. 2024 жылы ҚР Оқу-ағарту министрінің “Іскер менеджер” дипломымен марапатталды.
Білікті педагог, әділ басшы, талапшыл жетекші ретінде танылған Қансұлу Жұмағұлқызы – ұстаз ғана емес, жас мамандарға бағыт беріп жүрген тәжірибелі тәлімгер, ел болашағына жанашыр шын мәніндегі еңбек адамы.
-
Фото
-