
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Пернебек Бақдәулет Көркембайұлы - қазіргі білім саласындағы жас та болса, тәжірибелі, шығармашыл әрі білікті маман. Ол Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы №289 орта мектебінің бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін үздік дипломмен тәмамдаған. 2020-2022 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде тарих мамандығы бойынша магистратураны сәтті аяқтап, өз саласындағы білімін одан әрі тереңдетті.
4 жылдық педагогикалық тәжірибесі бар ол педагог-сарапшы санатындағы маман. Жас болса да мол жетістіктерге жеткен ұстаз көптеген облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы. Атап айтқанда, "Үздік жас маман", "Жаңа толқын" жастар сыйлығының иегері, пәндік олимпиадалар мен облыстық пікірсайыс турнирлерінің жүлдегері. Бұл жетістіктер оның кәсібіне деген адалдығының, ізденімпаздығы мен табандылығының айқын дәлелі.
Сонымен қатар, мектепішілік және аудандық кәсіподақ ұйымының белсенді мүшесі. Ол ұстаздардың әлеуметтік құқықтарын қорғау, кәсіби беделін арттыру жолында кәсіподақпен бірлесе түрлі бастамаларға атсалысып келеді.
Ұстаз ретінде оқушылардың тарихи танымын қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында отансүйгіштік, азаматтық сана мен көшбасшылық қасиеттерді де дамытуға зор үлес қосып келеді. Заманауи әдістемелер мен инновациялық тәсілдерді тиімді қолдана отырып, білім мен тәрбие беру ісінде тың серпін беруде.
Пернебек Бақдәулет Көркембайұлы - жаңашыл ойлайтын, көпке үлгі бола білген жас маман. Ол болашақ ұрпақты тәрбиелеуде өлшеусіз еңбек сіңіріп жүрген нағыз өз ісінің шебері.