
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Ұлылықтың бастауында ұстаз тұрады, ұстаз болу барлығының қолынан келе бермейтіні секілді, әдіскер болу да асқан кәсіби шеберлікті қажет ететін мамандық. Өз мамандығының мықты маманы Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының білім бөліміне қарасты "Сыр самалы" бөбекжай- бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында әдіскер қызметін атқарып жүрген Исаева Гүлхан Бахытқызы.
Гүлхан Бахытқызы 2014 жылдан бері ұстаздық жолда еңбек етіп келеді. 2020 жылдан бері мектепке дейінгі білім беру ұйымының әдіскері . Әдіскер болу - жай ғана мамандық емес. Ол адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі. Бала тәрбиесі, оның ішінде балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу жолында еткен еңбектері оразан зор. 2014 жылдан бері балабақшада еңбек етіп, бүгінде 11 жылдық тәжірибесі бар педагог-зерттеуші санатындағы білікті маман.
Бала тәрбиесіндегі басты тұлға ретінде өз жұмысын жауапкершілікпен атқарып, жоғары деңгейде көрініп жүрген мықты әдіскер. Ата-аналар мен тәрбиешілердің ыстық ықыласына бөленіп жүрген әдіскер – жаңашыл әрі ізденімпаз маман.
Гүлхан Бахытқызы осы салада түрлі байқауларда жеңімпаз атанып, облыстық "Үздік педагог" байқауының жеңімпазы болды. Аудандық, қалалық, облыстық тәжірибе алмасу семинарларын жоғары деңгейде өткізіп, "Ұрпақ тәрбиесі- ұлт болашағы ", "Асық ойыны- ұлт қазынасы" тақырыбында өзінің авторлық бағдарламасын шығарды. Өз тәжірибесін қалалық, облыстық, республикалық деңгейде шығарып жүрген мықты әдіскер.
«Жақсының жақсылығын жарыса айт» демекші, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында жүрген Гүлхан Бахытқызының еңбегі көпке үлгі.