
БАЛАЛАР ҚУАНЫШЫ МЕН ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ ҰШТАСҚАН КҮН
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақтөбе облысында Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен ерекше маңызы бар мерекелік шара ұйымдастырылды. «Біз – бақытты балдырған!» атты бұл думанды кеш Сары Батақұлы атындағы аудандық Мәдениет үйінде өтті.
Шараның басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау ғана емес, олардың бақытты болашағы жолында еңбек етіп жүрген жандардың еңбегін бағалау болды. Осыған орай мерекелік кеш барысында білім беру саласында көп жылдар бойы үздіксіз қызмет етіп, жас ұрпақтың жарқын болашағына өз үлесін қосып жүрген бірқатар ұстаздар мен сала қызметкерлері марапатталды.
Оларға Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы табысталды. Сонымен қатар, өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуына қосқан үлесі мен бүлдіршіндерді тәрбиелеу жолындағы табанды еңбегі үшін бірнеше кәсіподақ мүшелері аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының бірлескен Алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мерекелік кеш барысында балаларға арналған түрлі концерттік бағдарламалар, ойын-сауық шаралары және шығармашылық көріністер ұйымдастырылып, бүлдіршіндер мен ата-аналарға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
-
Фото
-