
«ЖАЛЫН» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ АШЫЛДЫ
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы орталығындағы «Жалын» жазғы сауықтыру лагері балалар мен жасөспірімдерге өз есігін айқара ашты!
Жазғы лагердің I ауысымында білім саласы қызметкерлерінің балалары тынығуда. Биылғы маусымның ашылу салтанаты көтеріңкі көңіл күймен, әсем әндермен, жарқын би кештерімен және достықтың алғашқы қадамдарымен есте қалмақ.
Салтанатты шараны Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Жақып Еркебұлан Төлепбергенұлы және аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Есназар Алмас Зейноллаұлы ашып , оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын естеліктерге толы демалыс тіледі.
Алда балаларды қызықты ойындар, шығармашылық шеберлік сабақтары, спорттық жарыстар мен жаңа достар күтуде.
Біз әр бала үшін ұмытылмас сәттер мен қуанышты әсерлер сыйлауға тырысамыз!
Барша қатысушыларға шаттыққа толы демалыс, шексіз қуаныш және жарқын жаз тілейміз.