
ЕҢБЕК АДАМЫ
✅Қазіргі таңда білім беру саласында жаңаша ойлайтын, технологияны еркін меңгерген, креативті идеяларға бай жас педагогтардың қатары артып келеді. Солардың алдыңғы легінде келе жатқан ұстаздардың бірі — Қосмағамбетов Айбек Сегізбайұлы. Ол — кәсіби шеберлігімен, бастамашылдығымен, жан-жақты ізденісімен дараланған педагог-эксперт.
📃Айбек Қосмағамбетов Талдысай орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарып келеді. Жоғары оқу орнын үздік аяқтап, бірден білім беру саласына бет бұрған жас маман сегіз жыл ішінде ұжым мен оқушылардың үлкен құрметіне ие болды.
📑Айбек Сегізбайұлының шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі байқаулар мен олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Бұл оның кәсіби дайындығы мен табанды еңбегінің айқын нәтижесі. Сонымен қатар, ол үнемі өзін-өзі жетілдіруге, тәжірибе алмасуға ұмтылатын ұстаз. Түрлі семинарлар мен курстарға қатысып, өзінің педагогикалық шеберлігін ұдайы дамытып отырады.
📚Ұжым арасында да беделі жоғары. Ол әріптестеріне қолдау көрсетіп, шығармашылық орта қалыптастыруға ерекше үлес қосып жүр. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары мұғалім мектепішілік іс-шараларды ерекше форматта өткізіп, көпшіліктің ықыласына бөленуде.
🔆Еңбек жолында ол Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы, облыстық білім басқармасы, аудан әкімдігі, ғылыми-тәжірибелік орталықтар мен әдістемелік ұйымдар тарапынан оннан астам алғыс хатпен марапатталып, бірнеше облыстық байқауларда (тәрбие жөніндегі үздік орынбасар, пәндік олимпиада, шығармашылық сайыстар) жүлделі орындарды иеленіп, педагог ретіндегі кәсіби біліктілігін дәлелдеді.
📝Бүгінгі жас — ертеңгі көшбасшы десек, Қосмағамбетов Айбек Сегізбайұлы сынды ұстаздар еліміздің жарқын болашағына жол ашатын негізгі тұлғалар. Жас маманның білімге деген құштарлығы, еңбекке адалдығы және заманауи көзқарасы бүгінгі білім беру саласына ауадай қажет. Осындай жастардың арқасында еліміздің білім жүйесі дамып, жаңа белестерге көтеріле беретіні сөзсіз.
Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-