
КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМАЛЫС
Қарағанды қаласындағы №1 балалар музыкалық мектебінің ұжымы кәсіподақ төрайымы Срымбетова Галия Карбаевна Теміртау қаласында орналасқан демалыс аймағына кәсіподақ мүшелеріне және олардың балаларына саяхат ұйымдастырды. Демалушылар үшін мерекелік іс-шара өткізіліп, уақыт өте көңілді өтті.
Табиғат аясындағы серуен балалардың көңілін көтеріп, ұжым мен ата-аналар арасындағы байланыс нығая түсті. Осындай іс-шаралар үлкендер үшін өте пайдалы және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жағымды эмоциялар алуға септігін тигізеді.Ұжым осы тамаша күнді ұйымдастырып, өткізуге атсалысқан барлық жандарға, сондай-ақ қолдау мен қамқорлық көрсеткен кәсіподақ төрайымы Срымбетова Галина Карбаевнаға шын жүректен алғысын білдірді!
Қарағанды облыстық кәсіподақ ұйымы