
АТҚАРУ КОМИТЕТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
2024 жылғы 20 маусым күні Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының Атқару комитетінің кезекті отырысы өтті.
Алқалы жиынға Атқару комитетінің мүшелері, облыстық кәсіподақ аппаратының мамандары мен аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалдарының төрағалары қатысты.
Күн тәртібінде білім қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғауға бағытталған әлеуметтік әріптестік туралы келісімдердің орындалуы, облыстық кәсіподақ ұйымының органдарының жұмыс тәжірибесін зерделеу нәтижелері, ұжымдық-шарттық жұмыс қорытындылары және еңбек заңнамасының сақталуына жүргізілген қоғамдық бақылау жұмыстары туралы мәселелер қаралды.
Пікіралмасу барысында Атқару комитетімен күн тәртібіне қойылған мәселелер жан-жақты талқыланып, аудандық кәсіподақ комитеті-Филиалдарында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Атқару Комитетінің 2024 жылдың «20» қыркүйек № 1, 14-т. қаулысымен бекітілген еңбек заңнамасының орындалуына қоғамдық бақылауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулығына сәйкес жетілдіру ұсынылды.
Сонымен қатар білім беру ұйымдарындағы келісім комиссиясы мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларына оқыту семинарларын өткізу, кәсіподақ мүшелерінен түскен арыз-шағымдарды уақытылы қарау мен құқықтық кеңес беру жұмыстарын жандандыруды қолға алу туралы тиісті қаулылар алынды.
Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-