
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА
📑23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен салтанатты шара өтті. Іс-шара барысында білім саласында қызмет атқарып жүрген мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетіліп, арнайы марапаттар мен сый-сияпаттар табысталды.
📃Аудандық білім бөлімінің бірқатар қызметкерлері адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін Алғыс хатпен марапатталып, кәсіподақ тарапынан естелік сыйлықтарға ие болды.
📃Мұндай шаралар мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесін арттырып, олардың еңбегін бағалаудың жарқын үлгісі. Сонымен қатар, әлеуметтік әріптестік негізінде атқарылып жатқан ортақ жұмыстың нәтижесі екені де сөзсіз.
🧩Кәсіподақ ұйымы алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет саласындағы еңбек адамдарын қолдап, ынталандыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыра бермек.
Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы