
ЖАС ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ
2025 жылғы 23 маусымда Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағы жас педагогтерге арналған «Білім беру менеджменті: жаңа бағыттар мен мүмкіндіктер» атты қалалық семинар-тренинг өткізді.
Іс-шараның мақсаты:
• жас кәсіподақ белсенділерін анықтау және Кәсіподақ резервін қалыптастыру;
• жастардың біртұтас әрі тұрақты команда ретінде бірігуіне жағдай жасау;
• кәсіподақ қозғалысында жастар саясатын дамытуға ықпал ету;
• жас ұстаздар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау;
• Кәсіподақтың жастар қозғалысының белсенділерін марапаттау.
Семинар-тренингтің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Кәсіподақ төрағасы Батыр Әлиев қатысушыларға сәттілік тілеп, жас педагогтерге қолдау білдірудің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараға Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері Кәсіподағының төрайымы Гүлбарам Науразбаева және облыстық Жастар кеңесінің мүшелері арнайы қатысты. Олар семинарға екі Кәсіподақтың арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында қатысып, тәжірибе алмасу мақсатында өз үлестерін қосты.
Сонымен қатар, іс-шара шеңберінде бірқатар кәсіби дәрістер оқылды:
• Айгүл Рамазанова, Астана қаласы әкімдігінің Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия директоры – «Педагогтерді аттестаттаудың жаңа қағидалары» тақырыбында;
• Айгүл Бейсенбина, Астана қаласы әкімдігінің №107 жайлы мектебінің директоры – «Заманауи менеджмент: трендтер мен болашаққа көзқарас» тақырыбында;
• Батыр Әлиев, Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының төрағасы – «Қазақстан Республикасының “Педагог мәртебесі туралы” заңын жүзеге асыру» және «Білім беру ұйымдарындағы еңбекақы төлеу жүйесі» жөнінде.
Семинар соңында қатысушылар тақырыптық жобаларын қорғап, өзара бәсекеге түсті. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға дипломдар мен сертификаттар табысталды.
Бұндай семинарлар жас педагогтер үшін кәсіби дамуға, тәжірибе алмасуға және Кәсіподақ қозғалысындағы белсенділікке тың серпін береді.
Астана қалалық кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-