
ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА ҮЗДІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
2025 жылғы 23 маусым күні Ozge Epik креатив хабында «Білімнің кемел жолы – жетістік» тақырыбында 2024–2025 оқу жылының қорытынды жиыны өтті. Шараға қала әкімі Мұрат Байменов, Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бас маманы Марина Темиргалиева, заңгер Гулжанат Курмангазиева қатысты.
Атаулы шарада респбулика, облыс көлемінде үздік шыққан №37, 44, 7 мектептердің басшыларына алғыс хат табысталды. Бірқатар білім беру ұйымдары басшыларына БҚО әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиевтің алғыс хаты ұсынылды.
Сонымен қатар инновациялық ұйымдар арасында І орын иеленген №42 «Ақ ниет» гимназиясы, ІІ орын - Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясы, ІІІ орын - №35 лицейі, жалпы орта мектептер арасында І орын- №37 мектеп, ІІ орын - №20 мектеп, ІІІ орын- Қ.Мырза Әли атындағы №47 мектеп иеленіп, ал қосымша білім беру ұйымдары арасында Оқушылар сарайы үздік деп танылып, оқу жылы қорытындысы бойынша үздік нәтижеге қол жеткізген білім беру ұйымдары арнайы марапатталды және кәсіподақ ұйымы атынан сыйлық сертификаттары ұсынылды.
Арнайы номинациялар бойынша «Академиялық жетістіктері үшін» №41 лицей, Оқушылары жыл бойы байқауларда жүлделі орындарды көп иеленгені үшін «Жүйелі жетістіктерді игерген білім ордасы» аталымымен №27 лицей мен №12 орта мектеп, педагогтерінің табыстары үшін «Педагогикалық шеберлік мектебі» аталымымен №30 орта мектеп және спорттағы жетістіктері үшін «Салауатты өмір салтын ұстанған білім ұясы» аталымымен №6 орта мектеп марапатталды.
Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-