
ҮЛГІ ТҰТАР ҰСТАЗ
Ескалиев Жандос Жаниязович - Маңғыстау облысы, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде дене шынықтыру және бұқаралық жұмыстар жөніндегі нұсқаушы, Әлеуметтік–экономикалық пәндер, бастапқы әскери дайындық және дене тәрбиесі пәндік циклдік комиссиясының жетекшісі, дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінің оқытушысы қызметін атқарады. 1996-1998ж.ж. Маңғыстау гуманитарлық колледжін «Дене шынықтыру мәдениетінің оқытушы-ұйымдастырушы» мамандығы бойынша бітіріп, 2003-2007ж.ж. РМҚК Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдап,
1999-2019ж.ж. Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білімін жетілдірген.
Еңбек жолын 1998-2002 жж. Ақтау қаласы №9 орта мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған, қазіргі таңда Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде дене шынықтыру және бұқаралық жұмыстар жөніндегі нұсқаушы және дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінің оқытушысы қызметтерін атқаруда.
2020 ж. «Дене тәрбиесі», «Физическая культура» пәнінен типтік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламасы республикалық оқу-әдістемелік кеңесте бекітілді. Ол – педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-зерттеуші санатына ие жоғары дәрежелі маман.
Жалпы педагогикалық еңбек өтілі – 26 жыл, оның ішінде аталған колледжде 23 жылдан бері табысты еңбек етіп келеді. 2020ж, «Дене шынықтыру және көркем еңбек пәндерінің үздік педагогі-2020» атты республикалық байқауының материалдар жинағы, «Bilim-Orkenieti» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы, 1 том, Нұр-Сұлтан қаласы-2020; «Қазақстанның білім және ғылым әлемі» Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал, №08(159) тамыз 2020 мақалалары жарық көрді.
Маңғыстау облысы білім басқармасымен авторлық бағдарламалар құрастырып, республикалық оқу-әдістемелік кеңесте әдістемелік құралдары бекітілген. Түрлі деңгейдегі семинарлар мен конференцияларға белсенді қатысады. 2018ж., Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысында өткен «Кәсіподақ жастар қозғалысы – Рухани жаңару мен жаңғыру жолында» атты жас ұстаздардың республикалық жастар лагерінде тренингке, 2020 ж., Маңғыстау облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен «Бас сарапшымен бір сағат» вебинарға, Құзыреттіліктер бойынша «Skills Camp» онлайн жаттығу лагеріне, Маңғыстау облысы білім басқармасы, 2025ж. Атырау облысында өткен «Болашақ ұстаз: Кәсіби даму және шығармашылық ізденіс» тақырыбындағы Аймақтық семинарларға белсене қатыса отырып, іс-тәжірибесімен бөліскен.
Білім беру саласындағы жетістіктері үшін көптеген марапаттарға ие. 2018ж. Салалық кәсіподақ ұйымдастырған «Кәсіподақ жастар қозғалысы – Рухани жаңару мен жаңғыру жолында» атты жас ұстаздардың республикалық жазғы лагері жұмысының жоғары деңгейде өтуіне белсенді қатысып, қолдау көрсеткені үшін «Алғыс хат», 2019 жылдары: Еліміздің спорты мен дене шынықтыруды дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істер комитетінен «Алғыс хат»; Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бастапқы әскери дайындық пәнін бітіруші оқушы-жастары арасындағы далалық оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырып, өткізуде белсенділік көрсеткені үшін Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінен «Алғыс»; Маңғыстау облыстық білім саласы қызметкерлерінің Спартакиадасында волейбол жарысында 3 орынға ие болса; 2020 жылдары: Білім саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Қазақстанның білім беру саласының үздігі» атты төсбелісімен, «Дарынды оқушылардың қабілетін айқындау, дамыту» жобасы аясында өткен «Дене шынықтыру пәнінің үздік педагогі-2020» атты республикалық байқауға қатысып жеңімпаз атанды. 2022 жылдары: Республикалық спартакиаданың қатысушыларын жаттықтыруға қосқан зор үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінен «Алғыс хат», 2022ж., "64" және "100" дойбыдан Қазақстан Республикасының командалық чемпионатында 1 орын алғаны үшін Дипломмен марапатталған.
Ұжым ішінде үлкен беделге ие, білім алушылар мен әріптестері арасында үлгі тұтар ұстаз. Облыстық кәсіподақ комитетімен және бастауыш кәсіподақ ұйымымен әрдайым байланыста, іс-шараларға белсенді ықпалдастықта қызметтер атқарып, қатысып келеді.
Сонымен қатар, ол ұзақ жылдар бойы Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымының белсенді мүшесі болып табылады.
Кәсіподақ жұмысына белсенді атсалысып, ұжымның әлеуметтік және кәсіби құқықтарын қорғауға өз үлесін қосуда.
Зиганшина Г.Г.,
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.