ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ
Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымы «DEMEY» оңалту және түзету орталығында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Мақсат – орталықтың жас бүлдіршіндері мен қызметкерлеріне жайлы да қолайлы жағдай жасауға қол ұшын беру.
Филиал директоры Гаухар Жұманова мен институттың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Нұржан Слямханов аталған шараға арнайы қатысып, орталық ұжымына жаздың аптап ыстығында салқындық сыйлайтын кондиционер тарту етті.
Орталық директоры Мадина Ауренова қонақтарды құшақ жая қарсы алып, көрсетілген қолдау мен көңіл бөлінгені үшін шынайы алғысын білдірді. Сонымен қатар, орталықтың тынымсыз тірлігімен таныстырып, ерекше білім беруді қажет ететін балдырғандарға көрсетілетін қамқорлық пен қолданылатын оңалту әдістері жайында әңгімеледі.
Шығыс Қазақстан облысы жергілікті кәсіподағы