
БАЙҒАНИН АУДАНДЫҚ ҰЙЫМЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
🌱 Байғанин аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы жазғы демалыс маусымында өз мүшелерінің тиімді әрі мағыналы тынығуына ерекше көңіл бөліп, екі бағытта демалыс ұйымдастырды.
📜Тарихқа қызығушылығы жоғары кәсіподақ мүшелері үшін Маңғыстау өңіріне тарихи-танымдық саяхат ұйымдастырылды. Сапар барысында қатысушылар Маңғыстау өңірінің киелі орындарын аралап, көне тарихи-мәдени мұралармен танысты. Каспий теңізінің жағалауы, Шерқала, Бекет ата секілді рухани маңызы зор жерлер ұстаздар жадында ұзақ сақталатын әсерлі сапарға айналды. Бұл тек тынығу ғана емес, патриоттық рух пен елге деген сүйіспеншілікті арттыратын тағылымды шара болды.
📄Ал кәсіподақтың тағы бір бөлігі Сарыағаш өңіріндегі шипажайда демалып, денсаулықтарын жақсартып қайтты. Табиғи минералды сулар мен кәсіби емдеу шаралары мұғалімдердің физикалық саулығын жақсартып, жаңа оқу жылына тың күшпен оралуына мүмкіндік берді.
📌Айта кетейік, жазғы маусымда ауданның білім қызметкерлері осы екі бағытта ұйымдастырылған демалыспен қамтылды.
🌿Кәсіподақ ұйымының мұндай қамқорлығы ұстаздарға жасалған шынайы қолдау мен зор құрметтің белгісі. Алдағы уақытта да осындай демалыс түрлері жалғасын табатыны сөзсіз…
Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-