
КӘСІПОДАҚТАН ЖАҢА ҰЖЫМҒА ҚОЛДАУ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бас маманы Айжарық Серімбетов жаңадан ашылған «Жұлдыз» облыстық арнайы балабақшасында болды.
Ұйым өкілі балабақша ұжымымен кездесіп, кәсіподақ ұйымының қызметі, әлеуметтік қорғау шаралары, мүшелердің құқықтары мен мүдделерін қорғау тетіктері жөнінде толық ақпарат берді.
Айжарық Серімбетов бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасына әдістемелік көмек көрсетіп, алдағы жұмыс бағытын ұйымдастыру, құжаттаманы жүргізу және мүшелермен байланыс орнату бойынша тәжірибелік кеңестер ұсынды.
«Жұлдыз» балабақшасы – ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған жаңа мекеме. Мұндағы ұжым кәсіби біліктілікпен қатар, мейірімділік пен жауапкершілікті талап ететін маңызды міндет атқарады.
Кездесу қорытындысында балабақша ұжымы Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының мүшелігіне өтті. Бұл қадам қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктерін нығайтып, құқықтық қолдауға жол ашады.
-
Фото
-