
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕГЕН ЖИЫН
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы жанындағы Еңбекші әйелдер комиссиясының кезекті отырысы «Ұлттық құндылықтарды ұлықтау» тақырыбында ұйымдастырылды.
Жиын аясында дөңгелек үстел өткізіліп, онда ұлттық тәрбиенің мәні мен отбасы құндылықтарының қоғамдағы маңызы кеңінен талқыланды. Ұрпақтар сабақтастығын насихаттау мақсатында аналар, әжелер және әкелердің қатысуымен мазмұнды шаралар, тренингтер, сондай-ақ ұлттық ойындар ұйымдастырылды.
Комиссия отырысының негізгі мақсаты – ұлттық тәрбиенің өзегін жастарға жеткізу, отбасы құндылықтарын дәріптеу, сонымен қатар еңбекші әйелдердің қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыру болды.
Шараға қатысушылар игі бастаманың маңыздылығын атап өтіп, бір-бірімен ой бөлісіп, тәжірибе алмасты.