
ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҰЙЫМЫ НАУҚАНДЫ ҚОЛДАДЫ
Биыл «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Шымкент қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің аппараты білім беру ұйымдары қызметкерлерінің балаларына арнап Қанар бұлақтағы әйгілі «Банан бау» экскурсия ұйымдастырды.
Балалар таңданып, сұрақ қойып, шаттанып күлді, ал соңында күндей шуақты, тәтті шымкенттік банандардың дәмін татты.
Қалалық комитет төрайымы Лариса Тұрғынбаева оқушыларға мектепке қажетті тауарларды сатып алуға арналған ақшалай сертификаттар табыстап, жаңа оқу жылында жеңіл оқу мен үлкен жетістіктер тіледі.
Шымкент қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитеті