
КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ ҰЛЫҚТАЛҒАН ТАМЫЗ КЕҢЕСІ
Ақтөбе облысының аудандарында жаңа оқу жылы қарсаңында “Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман” тақырыбымен дәстүрлі Тамыз конференциясы өтті. Жиынға білім беру ұйымдарының педагогтары, ардагер ұстаздар, аудан әкімдіктерінің өкілдері мен кәсіподақ ұйымдарының басшылары қатысты.
Конференция барысында аудандық білім бөлімдерінің басшылары өткен оқу жылының негізгі нәтижелерін қорытындылап, 2025–2026 жаңа оқу жылындағы басты бағыттар мен өзгерістерге тоқталды.
Шара аясында білім беру саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, жас ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан педагогтарға құрмет көрсетілді. Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымы атынан бірқатар ұстаздарға Құрмет грамоталары мен салалық кәсіподақ ұйымының төсбелгілері табысталды.
Сонымен қатар, аудандық кәсіподақ ұйымдары да білім саласына ұзақ жылдар бойы адал еңбек еткен ұстаздарға Алғыс хаттар мен шипажайға жолдамалар мен сыйақылар табыстады. Марапатталғандардың қатарында өз ісіне адалдықпен қарап, білім беру ісінің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген белсенді мұғалімдер де болды. Оларға аудан әкімдері мен білім бөлімдері атынан Алғыс хаттар ұсынылды.
-
Фото
-