
ШЫМКЕНТТЕ ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Шымкентте Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың қатысуымен тамыз конференциясы өтті.
Бұған дейін Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің білім беру жүйесінің алдағы кезеңдегі басты мақсаттарын айқындаған болатын: цифрландыру, педагогтерді қолдау, құндылықтарды қалыптастыру және мектептердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Шымкенттік ұстаздары осы міндеттерді қалай жүзеге асыру жолдарын талқылады.
Ұсынылған шешімдер қатарында: мектептерді жаңғырту, жаңа әдістемелерді енгізу, цифрлық платформаларды дамыту және балалар мен педагогтар үшін қолайлы орта қалыптастыру бар.
Шымкент қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы
-
Фото
-