
ҰСТАЗДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ – КӘСІПОДАҚ НАЗАРЫНДА
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында өткен тамыз кеңесінде құттықтау сөз сөйлеген білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Қабиолда Ергедікұлы Сайранов ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім саласына қатысты өзекті мәселелерге тоқталды.
Оның ішінде білім мекемелеріндегі педагогтердің іссапар шығындарының өтелмей отырғаны, педагогтерді марапаттау үлесінің аздығы мен «Ауданның үздік педагогы» төсбелгісін енгізу туралы ұсыныстың әлі шешім таппауы, «Мұкарама атындағы мектеп-балабақша» кешенінде қысқы маусымда ғимарат ішіндегі температура санитарлық нормаға сәйкес келмейтіндіктен жылу қазандығына қатысты мәселе, білім беру мекемелеріндегі еңбек дауларына байланысты келісім комиссияларының жұмысын жолға қою үшін білім жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру қажеттілігі, сондай-ақ өзге де білім саласына қатысты мәселелер аталды.
Сонымен қатар, ауданда салынып жатқан жаңа мектептердің өңір үшін маңыздылығын және бұл бағытта Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсәлімқызының сіңірген еңбегін атап өтті.
Қорытындылай келе, Қабиолда Ергедікұлы білім саласына қатысты кез келген заңсыздықтар аудандық кәсіподақ ұйымының үнемі назарында болатыны жеткізілді.
Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы