
КӘСІПОДАҚ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ
Жаз мезгілі – балалардың асыға күтетін мерейлі маусымы. Жаз айлары басталысымен оқушы қауымның арманына арқау болатын демалыс орындары да есіктерін айқара ашады.
Алматы қалалық жергілікті «Ұстаз» кәсіптік одағы педагогтар-кәсіподақ мүшелерінің балаларына «Жас үйқұрылысшысы» жазғы сауықтыру лагеріне тегін жолдама берді. Бұл игі іс балалардың денсаулығын нығайтып, жаңа достар тауып, есте қаларлық жаз сыйлады.
Балалар бұл лагерьде маусым, шілде, тамыз айларында демалды.