
ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ!
Жақында ғана өткен білім қызметкерлерінің Республикалық тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірнеше ұстазға «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын тапсырған болатын. Соның бірі Алматы қаласының Наурызбай ауданына қарасты №176 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі – Айсұлу Құдайбергенова.
Педагог өз ұжымындағы белсенді кәсіподақ мүшелерінің бірі. Үлкен марапат иеленген ұстазды Алматы қалалық жергілікті «Ұстаз» кәсіптік одағы қол жеткізген мәртебелі атағымен құттықтап, отбасына амандық, қызметіне табыс тіледі. Білім нұрын себе бер, ардақты мұғалім!