
БАСТАУЫШ ҰЙЫМ – БАСТЫ ТІРЕК
Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлері «Жетісу» жергілікті кәсіподағының бас мамандары Маржан Қайратқызы, Алуа Қабдулова мен бас есепшісі Айгүл Арымбаева Сарқан ауданына іссапармен барды.
Әуелі Сарқан аудандық филиалдың жұмысымен танысып, әдістемелік көмек көрсетілді. Кәсіподақтың құжат айналымына және қаржылық жұмысқа мән беріліп, бірқатар ұсыныстар енгізді.
Сонымен қатар, облыстық ұйымға қарасты Сарқан қаласының облыстық №3 арнайы мектеп интернатының еңбек ұжымына кәсіподақтың негізгі бағыттары бойынша ақпарат беріп, бірқатар сала қызметкеріне облыстық ұйының Құрмет грамотасын табыс етті.
Сарқан ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне де барып, бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын саралап, жұмысын жақсарту мақсатында ұсыныстарын білдірді. Белсенді жұмысы үшін кәсіподақ төрағасы мен белсенді мүшесі марапатталды.
Сапар барысында Сарқан ауданының «№ 4 психологиялық- педагогикалық түзеу кабинетінің де қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, туындаған сұрақтарға жауап берілді.
Жетісу облыстық кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-