
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ
Шығыс Қазақстан облысы Самар аудандық білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы «Мектепке жол» акциясы аясында жылдағы игі дәстүрін жаңғыртты. Берекелі бастама аясында кәсіподақ мүшелері арасынан көпбалалы және ұйым жұмысына белсене араласқан қызметкерлердің балаларына қолдау көрсетіліп, 30 мектеп сөмкесі мен 15 жинақ кеңсе заттары үлестірілді.
Бұл шара әлеуметтік қолдаудың жарқын көрінісі ғана емес, балғындардың білімге деген құштарлығын оятып, мектепке деген дайындығына сүбелі үлес қосудың бір парасы. Кәсіподақ ұйымы осы игі ісімен өз мүшелерімен бірге олардың отбасыларына да қамқорлық жасап, жанашырлық танытып отырғанын айшықтады.
Ұйым төрағасы Самарқан Демисиновичтің айтуынша, бұл игілік алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
- Біз әр баланың мектеп табалдырығын қуанышпен аттауына жағдай жасауға тырысамыз. Бұл – кәсіподақтың адами борышы әрі қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі, – деді ол жүрекжарды лебізін білдіріп.