
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫ: АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІНІҢ ЕРЕН ЕҢБЕГІ
Тұрымов Асқар Қабдрашұлы Ауғанстанның Кабул қаласындағы 230 дивизия 180 полкта әскери борышын өтеді. 1984 жылдың 7 қаңтарында әскер қатарынан оралып, Боран ауылындағы СПТУ-да жүргізуші болып жұмыс істеді. 1985 жылы УМС-та крановщик мамандығы бойынша білім алып, 1989 жылға дейін сол қызметте еңбек етті. ПМК жабылғаннан кейін жеке шаруашылық ашып, мал шаруашылығымен айналысты.
2001 жылы «АлтайЭнергода» оқуды бітіріп, алғаш рет монтер-электрик мамандығы бойынша жұмысқа орналасты. 2005 жылы Марқакөл-Алматы бағыты бойынша рейс жасаған шофер ретінде қызмет атқарды. 2008 жылдан бері Боран ауылындағы Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназияда электрик және шаруашылық меңгерушісі лауазымында табысты еңбек етіп келеді. Ауған соғысының ардагері Асқар Қабдрашұлы мектеп қабырғасында 18 жыл бойы ғылым мен білім үшін қызмет етіп, 3 баладан 6 немере сүйіп отырған отбасының ақылшысы, әр балаға мейіріммен қараған ардақты әке. Өз ісіне адал, талапшыл және еңбексүйгіш бола білген Асқар Қабдрашұлының еңбегі облыстық, аудандық алғыс хаттармен бағаланды.
Қай кезде де сөзі ісінен алыс кетпейтін, тура мінезді, өмірге деген көзқарасы ұшқыр, ойы зерек Асқар Қабдрашұлы әріптестері мен достары арасында да ерекше сый-сияпатқа ие болып, адамгершілігімен танымал болған тұлға.
Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы