
ДИАЛОГ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӨНІНДЕГІ ОТЫРЫС
Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданында әкімнің орынбасары Р. Ілиясовтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті.
Іс-шараға Үлкен Нарын ауданының білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы В.Малахов қатысты. Өз сөзінде ол аудандық білім бөлімімен ынтымақтастық туралы айтып, ШҚО білім басқармасы мен ШҚО оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы арасындағы Келісім негізінде әзірленген, Бірыңғай ұжымдық шарттың негізгі ережелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, медициналық тексеруден өту, жас мамандарды жұмысқа орналастыру және зейнеткерлерді жұмыстан шығару мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды және қол жеткізілген келісімдерді іске асыру бойынша нақты қадамдар белгіленді. Тараптар әлеуметтік әріптестікті одан әрі нығайтуға және Үлкен Нарын ауданының білім беру жүйесінің бірлескен жұмысына сенім білдірді. Туындаған мәселелерді шешуде ашық диалог пен сындарлы тәсілдің маңыздылығы атап өтілді.