
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ
Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағының кезекті Атқару комитетінің отырысы өтті. Отырысқа кәсіподақ төрағасы Батыр Әлиев төрағалық етіп, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.
Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелер:
1. Астана қаласы әкімдігінің «№ 65 «Бал бала» балабақшасы» МКҚК бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметі туралы;
2. Астана қаласы әкімдігінің «№ 55 орта мектеп» ШЖҚ МКК бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметі туралы;
3. Еңбек күнін, қарттар күнін, Мұғалімдер күнін және Кәсіподақтар күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар туралы.
Батыр Әлиев күн тәртібіндегі мәселелер бойынша кеңінен тоқталып, Атқару комитетінің мүшелерімен бірге пікір алмасып, ұсыныстарды ортаға салды. Қатысушылар белсенділік танытып, бірқатар маңызды ұсыныстар айтты.
Атқару комитеті күн тәртібіндегі мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылдап, тиісті қаулылар бекітілді.