
ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТКІЗІЛДІ
24-26 қыркүйек күндері аралығында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ерлер мен әйелдер командалары арасында волейболдан облыстық турнир өткізілді.
Турнирдің ашылу салтанатында облыстық кәсіподақ төрағасы Марат Даупаев, арнайы шақырылған қонақтар – Салалық кәсіподақтың Орталық комитетінің ұйымдастыру бөлімі басшысы Ернар Иманбаев, БҚО жергілікті кәсіподақ Орталығының төрағасы Айгүл Есекенова және облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің проректоры Мерген Сүлейменов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, шарада кәсіподақ қозғалысы мен әлеуметтік әріптестікті дамытуға зор үлес қосып, білім беру жүйесіндегі қажырлы еңбектері үшін техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің басшылары мен ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, сыйлықтар мен гүл шоқтары берілді.
Турнир барысында қатысушылар волейбол ойынынан бақ сынасып, өздерінің ұйымшылдығы мен еңбек адамына тән табандылығын көрсетті.
Жарыс жұмысшы мамандықты дәріптеп, достық пен татулықты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттаудың жарқын көрінісі болды.
Үздік ойыншылар мен жеңіске жеткен командалар облыстық кәсіподақ тарапынан медаль, кубок, дипломдармен марапатталып, заттай сыйлықтар табысталды. Ал, жарысқа қатысып жеңіске ұмтылған ойыншылардың барлығына ынталандыру сыйлықтары таратылды.
БҚО кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-