
ЕҢБЕК КҮНІНЕ ОРАЙ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
«Еңбек күні» мерекесіне орай Қызылорда облысы, Жалағаш аудандық кәісіподақ комитетінің төрағасы Гүлзат Ердаулетқызы мен білім бөлімі басшысы Талғат Құрақбайұлы білім ұясының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етіп, жас ұрпақтың білім алуына қолайлы жағдай жасап отырған біршама қызметкерлерді «Еңбек күні» мерекесімен құттықтады.
«Еңбек – өмір мәні» десек, бұл мереке адал еңбегімен еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген баршаңызға деген зор құрметтің айғағы.
Мемлекет басшысы еңбекқорлық пен кәсіби шеберлікті жоғары бағалап, жұмысшы мамандардың еңбегін дәріптеу мақсатында биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялауы – сіздердің еңбектеріңізге берілген үлкен баға.
Бүгінде ауданымыздың білім беру ұйымдарында 961 қызметкер (767 мектеп, қосымша білім беру, 194 балабақша) еңбек етуде. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен еңбектеріңіздің арқасында білім ұяларының тыныс-тіршілігі қамтамасыз етіліп, жасұрпақтың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасалуда.
Мереке аясында «Жұмысшы мамандықтар жылы» шеңберінде аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен техникалық қызметкерлер арасында өткізілген «Өз мамандығының үздігі» аудандық конкурсының жеңімпаздары марапатталды.
Сонымен қатар, Оқу-ағарту министрлігінің алғысымен, аудандық кәсіподақ комитеті мен білім бөлімінің алғыс хаттары , бағалы сыйлықтары табысталды.