
ЖАС ҰСТАЗДАР ФОРУМЫ
Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы НЗМ-де Маңғыстау облысының білім басқармасы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтау қаласы филиалының ұйымдастыруымен дәстүрлі «ЖАС ҰСТАЗ: ТАБЫСҚА АПАРАР ЖОЛ» тақырыбында жалпы білім беретін мектептердің жас мамандарына арналған облыстық форум өтті.
Маңғыстау облысының жалпы білім беретін мектептердің жас мамандары мен аудандық, қалалық оқу-әдістемелік орталықтардың әдіскерлеріне арналған шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Оралов Асхат Раздықұлы, Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Кумбаев Амантай Ясауиұлы, Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Боранбаева Қатира Қарасайқызы қатысты.
Форумның ашылу салтанатында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Баймбетова Тарбия Анайбекқызы әлеуметтік әріптес ретінде құттықтау сөз сөйледі.
Форум жұмысы шеберлік сыныптармен жалғасты.
Маңғыстау облыстық ұйымы
-
Фото
-