
«КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ БІР КҮНІ» ЖОБАСЫ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері ұйымы мүшелердің еңбегін кеңінен насихаттау мақсатында «Кәсіподақ мүшесінің бір күні» атты шағын бейнероликтер сериясын қолға алды.
Алғашқы шығарылымның кейіпкері – адалдығын табанды еңбегімен дәлелдеп жүрген Смайлова Гүлзамира Шағалқызы.
Гүлзамира Шағалқызы жиырма жылдан астам уақыт бойы Байғанин ауданындағы Қ.Мұханбетқалиұлы атындағы орта мектеп-гимназиясының жанындағы интернатта аспазшы болып еңбек етіп келеді.
Аспаздың еңбекқорлығы мен бір күндік жұмыс барысы бейнероликте баяндалған.