
ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ – АДАЛ ЕҢБЕК ИЕСІ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері ұйымы өз мүшелерінің еңбегін кеңінен насихаттау мақсатында «Кәсіподақ мүшесінің бір күні» бейнероликтер сериясын жалғастыруда.
Бұл жолғы кейіпкеріміз – Хромтау ауданы №6 Хромтау гимназиясының директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жасағанбергенова Баян Ідірісқызы.
Баян Ідірісқызы – педагогика саласында 36 жылдан астам уақыттан бері абыройлы еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі ұстаз, ұйымдастырушы, шәкірт тәрбиелеуге бар күш-жігерін арнаған жан. Ол өзінің кәсіби білімімен, іскерлігімен, адамгершілігімен әріптестеріне үлгі болып, жас мамандарға тәлімгерлік етуде.
Еңбек жолында талай оқушының жүрегіне жол тауып, тәрбиелеп өсірген ұстаз бүгінгі күні ұжымының сенімді тірегі, шәкірттерінің құрмет тұтар асыл ұстазы болып отыр.
Баян Ідірісқызы – өмірін білім мен тәрбиеге арнаған адал еңбектің иесі.