
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – БОЛАШАҚ ҮШІН!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында елімізде сенбіліктер мен тазалық жұмыстары өтті. Бұл жолғы акция кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы мен ҚР кәсіподақтар федерациясының 35 жылдық мерейтойына орайластырылып, Тараз қаласының күніне тұспа-тұс келді.
Акцияға Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының аппарат қызметкерлері, Тараз қалалық білім мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілері, белсенді кәсіподақ мүшелері қатысып, табиғатты қорғау жолындағы игі бастамаға өз үлестерін қосты. Олар Тараз қаласындағы Көшек батыр көшесінің бойындағы сквер мен саябақ, Кәсіподақтар үйінің аумағын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Жалпы іс-шараға 6 салалық кәсіподақтың 21 бастауыш ұйымынан 150 жуық кәсіподақ мүшесі қатысып, 20 тонна қоқыс жинады.
Бұл шара тек сенбілік емес, экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған қоғамдық қадам болды.
Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.