
АСТАНА КӘСІПОДАҒЫ ЖАСТАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Астана қаласы білім беру қызметкерлері кәсіподағының қалалық Жастар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оған жас белсенділер, Кәсіподақ ұйымдарының мүшелері мен бастауыш ұйым төрағалары қатысты. Отырысқа қалалық кәсіподақ төрағасы Батыр Әлиев қатысты және жүргізді.
Отырыс барысында Жастар кеңесінің жаңа құрамы бекітіліп, төрағалыққа Нұрперзент Жанабайұлы Карибеков, орынбасарлар болып Таңшолпан Сатыбалдиева және Тоғжан Жақсылық сайланды.
Сондай-ақ, отырыс барысында кәсіподақ пен Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы бірлесе ұйымдастырған «Астана қаласының үздік жас педагогі – 2025» байқауының қорытындысы шығарылды. Байқаудың мақсаты – педагог мәртебесін көтеру, Кәсіподақтың қоғамдағы рөлін нығайту, жас мамандардың кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасау. Биылғы сайысқа 70-ке жуық жас педагог қатысты.
Жеңімпаздар:
I орын – №47 «Ақ желкен» балабақшасының логопеді Айдана Мұратбекқызы;
II орын – №103 мектептің биология пәні мұғалімі Таңшолпан Ерғазиева;
II орын – №76 «Әдемі» балабақшасының педагог-ассистенті Жаңылсын Қожахмет;
III орын – №56 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Фариза Маннап;
III орын – №86 «Зияткер» балабақшасының тәрбиешісі Гүлнафис Есенәлі;
III орын – №10 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалім Әсел Оспанова.
Арнайы номинациялар:
«Мейірімді жүрек» – №1 оңалту орталығының психологі Ақмоншак Құлниязова;
«Креативті педагог» – №32 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Зәуре Қабзитова;
«Белсенді қатысушы» – Техникалық колледж оқытушысы Бақнұр Бақтыбай және №32 «Балдәурен» балабақшасының тәрбиешісі Кенжегүл Сапарова.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, олардың жетістіктері аттестаттау барысында ескерілетін болады.
-
Фото
-