
АСТАНА ҚАЛАСЫНДА «ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ» АТТЫ ВОЛЕЙБОЛДАН ҚАЛАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Астана қаласы әкімдігінің №104 орта мектебі, Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағы және «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының бірлескен ұйымдастыруымен қаладағы келешек мектеп мұғалімдері арасында «Ұстазға құрмет» атты волейболдан қалалық турнир өткізілді.
Жарысқа кәсіподақ мүшесі болып табылатын мұғалімдерден құралған 16 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Турнирдің негізгі мақсаты – ұстаздар қауымы арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорт арқылы әріптестік қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ келешек мектептер арасында ынтымақтастықты арттырып, тәжірибе алмасу болды.
Тартысты өткен ойын нәтижесінде:
• I орын – №45 келешек мектеп командасы;
• II орын – №104 келешек мектеп командасы;
• III орын – №101 келешек мектептің құрама командасы иеленді.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Мұндай спорттық шаралар мұғалімдердің денсаулығын нығайтып қана қоймай, ұжымдық рухты көтеріп, ұстаздар қауымының беделін арттыруға зор үлес қосатыны атап өтілді.