
ҰСТАЗҒА АЛҒЫС!
Мұғалімдер күніне арналған іс-шаралар аясында Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы «№2 орта мектебі» КММ «Ұстазға алғыс!» атты дөңгелек үстел шарасы өтті.
Кездесуге қазіргі мұғалімдердің тәлімгерлері шақырылып, естеліктерімен бөлісіп, мұғалім мамандығын не үшін таңдағандары жайында айтып берді. Мұғалімдер өз тәлімгерлеріне көрсеткен қолдаулары мен шабыты үшін алғыстарын білдірді, ал 11-сынып оқушылары олардың әңгімелерін қызығушылықпен тыңдады.
Соңында мектеп директоры А.А.Бектұрғанова қонақтарға еңбектерінің маңыздылығы мен жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесін атап өтіп, алғыс хаттар табыс етті.
-
Фото
-