
АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ
СҚО, Ғабит Мүсрепов ауданы Раисовка орта мектебінде «Ұстазға алғыс» республикалық апталығы аясында, педагогикалық саласының еңбек ардагерлері: Ф.С. Лысенко, Л.И. Бузько және В.А. Ивановты құттықтау рәсімі өтті.
Шара ұрпақтар сабақтастығын нығайту, ұстаз еңбегіне алғыс айту және білім беруді дамытуға елеулі үлес қосқан тағылымды тұлғаларға құрмет көрсету мақсатында өткізілді.
Мектеп директоры Ғ.Н. Қажығалиева ардагерлерді келе жатқан Мұғалімдер күні мерекесімен құттықтап, көп жылғы адал еңбегі мен үшін алғысын білдірді, сондай-ақ өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан қомақты үлесі үшін алғыс хаттар тапсырды.
Кәсіподақ комитеті өз тарапынан ардагерлерге естелік сыйлықтар табыс етіп, дастархан басына шақырды.
Адал еңбектің шырағы өшпесін.
Ардагерлерімізді құрметтейік.