
ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық білім бөлімі және кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен №30 мектеп базасында Қарттар күніне орай «Қарттарым асыл қазынам» тақырыбында мерекелік іс- шара өткізілді.
Дана халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Бүгінде қазақтың әрбір үйінен отбасы мүшелеріне ақылын айтып, тәлімді тәрбиесін беріп, ұлағатты ұғымдарды сіңіріп, шүпірлеген немере-шөберелерінің ортасында марқайып отырған ата-әжелерімізді көрудің өзі бір ғанибет емес пе?! Жаны жайсаң қарттарымыздың «Жасымда бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деуінің мәні де осында.
«Ұстаздың жемісі – шәкіртінде. Шәкірттің таланттылығы – ұстазға байланысты», - демекші, қаншама жылдар бойы бала тәрбиелеу саласында аянбай еңбек етіп, сан мыңдаған шәкірттің жүрегінен орын ала білген ардақты ұстаз, асыл әжелеріміз бет аталарымыз бүгінгі таңда жетпістен асып, сексеннің сеңгіріне шығып, отбасының ұйытқысына айналған ардақты ата -ана. Осындай мерейлі мереке қарсаңында ардагерлеріміздің тәлімі мен тәрбиесі мол өнегелі өмірлері кейінгі ұрпаққа үлгі.
Маңызды мереке қарсаңында елге елеулі еңбегі сіңген асыл азаматтарды дәріптеп, аудан ардагерлеріне, білім беру саласының ардагерлеріне және 70, 75, 80 жасқа толған мерейтой иелеріне құрмет көрсетілді. Мерекелік кеште аудандық өнер мектебінің фольклорлық ансамблі жақсы көңіл күй сыйлады. Сіздерді мерекемен құттықтай отырып отбасыларыңызға амандық , мықты денсаулық, ұзақ өмір тілейміз.