
ҰСТАЗДАРҒА АЛҒЫС
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің кәсіподақ ұйымы мен мұражайының ұйымдастыруымен ардагер ұстаздарға арналған шара өтті. Білім мен ғылымның шамшырағы болған абзал жандарға арналған кеш көңілге ерекше әсер сыйлады.
Көп жылдық еңбегінің жемісін көріп, шәкірттерінің алғысына бөленген ардагер ұстаздар құрметке толы кештің төрінде жайғасты. Әрқайсысының жүзінен шаттық пен мақтаныш лебі есіп тұрды. Ұрпаққа білім нәрін сепкен ұстаздарға ыстық ықылас пен алғыс сөздер арналды. Оларға деген құрмет пен сый-сияпат мерекенің ажарын аша түсті.
Бұл – жас ұрпақтың кемелденуіне өлшеусіз үлес қосқан ұстаздарға деген шексіз алғысымыз бен тағзымымыздың көрінісі. Ардагерлердің өмір жолы – жас ұрпақ үшін үлгі-өнеге.
Құрметті ұстаздар, сіздердің ерен еңбектеріңіз ешқашан ұмытылмайды! Сіздерді Қарттар күні және Ұстаздар күні мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Аман болыңыздар!
А. Таранова,
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы