
ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
Бүгін конкурс комиссиясының құрамында Экология, өлкетану және туризм орталығына бардым. Күн тәртібінде педагогтардың бос лауазымдарға үміткерлерін қарау мәселесі тұрды.
Ал мен үшін білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Шымкент қалалық комитетінің төрағасы ретінде, бұл ең алдымен педагогтардың қандай жағдайда еңбек етіп жүргенімен танысуға мүмкіндік.
Қоғамдық бақылау аясында Орталықтың жұмысымен таныстым. Ерекше назарды еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне аудардым.
Бірнеше жыл бұрын Орталық өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы уақыт ішінде оның тәрбиеленушілері экономиканың әртүрлі салаларында көшбасшы мамандарға айналды.
Бұл жерде жас ұрпақ тек туған өлкені, флора мен фаунаны сүйіп қана қоймай, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де айналысады. Тәжірибелі педагогтардың жетекшілігімен тәрбиеленушілер республикалық байқаулар мен жарыстарда жүлделі орындарға ие болып келеді.
Орталық аумағында балалардың тәжірибе арқылы үйренуі үшін барлық жағдай жасалған: жеке жүзім бағы,
көшетхана, жасанды жартаста өрмелеу алаңы.
Әрине, Орталықтың жетекшісі – Қамытбекова Ұлжан Жайлауқызына айрықша тоқталғым келеді.ҰУлжан Камытбекова – нағыз кәсіби маман, ұжымның басын біріктіре білген көшбасшы әрі тәлімгер. Оның бастамаларының арқасында материалдық-техникалық база нығайып, жаңа жобалар пайда болды. Ең бастысы – балаларға қамқорлық пен педагог еңбегіне құрмет сезіміне толы орта сақталды.
Еңбек қауіпсіздігі, еңбек жағдайы мен жалпы атмосфера жоғары деңгейде. Мұнда шын мәнінде жас ұрпақты тәрбиелеу үшін барлық жағдай жасалған.
Л. ТҰРҒЫНБАЕВА,
Шымкент қалалық комитетінің төрағасы
-
Фото
-