
ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҰЙЫМЫ ҚАТАРЫ ТОЛЫҒУДА
Шымкент қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің құрамы күн сайын өсіп, нығайып келеді.Кәсіподақ құрамына бастауыш ұйымдар қосылып жатыр.
Бұл – біздің принципті ұстанымымыздың, ашық диалогымыздың және еңбек құқықтарын жүйелі түрде қорғаудың нәтижесі. Біз өз құндылықтарымызды бөлісетін барлық жандарға ашықпыз және бізге қосылған әрбір мектепті, колледжді және балабақшаны қолдауға дайынбыз.
Біздің санымыз артқан сайын, ортақ ұстанымымыз күшейе түседі. Шымкенттің ұстаздары мен педагогтарының дауысы соғұрлым қаттырақ естіледі.
Ынтымақтастықты таңдаған әрбір ұйымға алғыс білдіреміз және алда бізді жаңа жеңістер, жобалар мен жетістіктер күтіп тұрғанына сенеміз!
Шымкент қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы
-
Фото
-