
ҒЫЛЫМ МЕН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫНА АРНАҒАН ҒҰМЫР
4 қазанда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде тарихшы, өлкетанушы ғалым, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Шахман Нағимовтың мерейлі 80 жасына арналған «Профессор Ш.Нағимов еңбектеріндегі тарих, мәдениет, білім мәселелері және өңірлік зерттеулер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын жалғастырды.
Шахман Нағимұлының педагогика және тарих саласын өркендету жолындағы еңбегі өте ауқымды және жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Ғалым ақын Мұрат Мөңкеұлы мұрасынан бастап, Кеңес өкіметі кезінде қуғын-сүркін кезінде зардап шегіп, қуғындалған, ату жазасына кесілген әлеуметтік топтар, соның ішінде ағарту қызметкерлері, молдалар жөнінде кеңінен зерттеп, олардың жерленген қорымдарын анықтауға үлкен үлес қосты. Мемлекет басшысының «саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау туралы» Жарлығына байланысты мемлекеттік және өңірлік комиссиялардың мүшесі болып, облыс бойынша жинақталған құжаттар мен «Халық жады» жинақтарын шығаруға атсалысты. Ш.Н.Нағимовтың сан салалы зертеушілік қыры мен ғылыми мұрасы жөнінде Абай атындағы Қазақ Ұлттық универитетінің профессоры Қ. Ғалиуллинның және Атырау университетінің тарихшы ғалымдары Ж.Т. Таңатарова, Л.Б. Бердіғожин, А.Қ. Ахмет, С.О. Қуаныш баяндамаларында кеңінен айтылып, талқыланды.
Бағдарламаға сәйкес, мерейтой иесін «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігіні төрағасы Қ.Сүндетұлы құттықтап, профессорға Халық мұғалімі Құсиын Айтқалиев атындағы «Үздік педагогикалық қызметі үшін» төсбелгісі табысталды.
Республикалық салалық кәсіподақтар басылымы «Ustazdyq enbek» газетінің № 18 (207) 25 қыркүйек 2025 жылғы санында Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің деканы, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Сағынкерей Аймұратовтың «Ардагер ұстаз, ғалым» атты көлемді мақаласы жарияланды.
Атырау облыстық ұйымы
-
Фото
-