
ЕҢБЕК АДАМЫНА ҚҰРМЕТ
Ақтау қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен ұстаздар қауымына арналған «Ұстаз – жаңғыру жаршысы!» атты салтанатты мерекелік шара жоғары деңгейде аталып өтті. Бұл мерекелік шараға қала әкімі Ә.Байпақов,қалалық мәслихат депутаттары, ардагер ұстаздар, мектеп пен мектепке дейінгі ұйым директорлары қатысты.
Мерекелік құттықтау сөздерінде шара қонақтары шәкірт тәрбиесінде мұғалімнің еңбегі ерекше екендігін атап өтті.
Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы К.Еңсегенова ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, ардагер ұстаздардың білім жолындағы ерен еңбектеріне,қоғамға қосқан үлестеріне алғыс айтып,сыйлық сертификаттар табыстады.
Мерекелік кеш ұстаздарға арналған әсем әндермен, бүлдіршіндердің билерімен жалғасып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Ақтау қалалық филиалы