
КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРГЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
7 қазан күні салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымы Еңбек күні, Ұстаздар мерекесі және кәсіподақтар күніне орай «Кәсіподақ - ұстаз жүрегі, еңбек тірегі» тақырыбында мерекелік шараны ұйымдастырып , өткізді.
Салтанатты шара Маңғыстау облыстық ұйымы төрағасы Баймбетова Тарбия Анайбекқызының құттықтау сөзімен ашылды.
Мерекелік шара аясында білім саласында белсенді қызметтерімен танымал болған, ардагер ұстаздар, кәсіподақ қозғалысының ардагер көшбасшылары марапатталды.
Биыл Кәсіподақтар қозғалысына – 120 жыл, Салалық кәсіподақ қозғалысының құрылғанына – 100 жыл толды. Мерейтойлық шаралар аясында облыстық кәсіподақпен біріккен әлеуметтік іс-шаралардың жүзеге асуына белсенді атсалысып, қолдау көрсеткен, кәсіподақ қозғалысының өрістеуіне ықпал етіп жүрген әлеуметтік әріптестер және кәсіподақ көшбасшылары, жас мамандар Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен, «Құрмет грамотасымен» «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен», «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін», «Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Кеш соңы мерекелік шағын концерттік бағдарламаға ұласты.
Облыстық білім беру мекемелері басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, кәсіподақ ұйымының белсенді жастары ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік - экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы белсенді қызметіне сәттілік, шығармашылық табыстар тілеп, тарқасты.
Маңғыстау облыстық ұйымы