
ОРАЛДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ
Оқушылар сарайы базасында «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай, Орал қалалық білім саласының кәсіподақ ұйымдары арасындағы «Тоғызқұмалақ және шахмат» ойындарынан облыстық Турнирының қалалық кезеңі оздырылды.
Бұл Турнир Батыс Қазақстан облыстық оқу – ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының бастамасымен жыл сайын өткізіліп келеді.
Турнирге қалалық білім беру мекемелерінен 150-ге тарта кәсіподақ мүшесі қатысты.
Шараны ашқан Орал қалалық кәсіподақ комитеті – филиалының төрағасы Тулеген Темешев, бұл шараның басты мақсаты - ұлттық зияткерлік спорт түрін насихаттау және дамыту, кәсіподақ мүшелерінің жұмысын жандандыру, кәсіподақ қозғалысын насихаттау жұмыстарын жүргізу, жастарды кәсіподақ қызметіне көптеп тарту, ынталандыру, сондай-ақ кәсіподақ мүшелеріне қолдау көрсету екенін айтты.
Оқушылар сарайы директоры Шолпан Сисенова Турнирге қатысушы кәсіподақ мүшелерін құттықтап, кәсіподақ тек қана еңбеккерлердің әлеуметтік – экономикалық және еңбек құқықтарын қорғаумен ғана шектелмей, өзара салауатты өмір салтын сақтауды кеңінен насихаттауға да қолдау көрсетіп жүргенін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар кәсіподақтың арнайы дипломдарымен және БҚО оқу – ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағы атынан бағалы сыйлықтармен марапатталып, облыстық Турнирге жолдама алды.
БҚО Орал қалалық комитеті