
ТҮРКІСТАНДА КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
ҚР кәсіподақтар қозғалысының 120 жылдығы және Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына арналған салтанатты марапаттау рәсімі Түркістан қаласында жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараны Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Кенжебекұлы ашып беріп, қатысушыларды мерекемен құттықтады.
Мереке кәсіподақ қозғалысының тарихына тағзым етіп, еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін көтеруге бағытталды.
Жиын барысында кәсіподақ қозғалысының дамуына айрықша үлес қосқан тұлғалар марапаттар мен алғыстарға ие болды.
Атап айтқанда, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла
кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан зор үлесі және салалық ұйым мүшелерінің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етудегі белсенді еңбегі үшін Сатыбалды Дәулеталиннің «Қазақстан кәсіподақтар қозғалысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Жандос Шайдулла – өңірдегі кәсіподақ қозғалысының ілгерілеуіне серпін беріп, ұстаздар мен білім саласы қызметкерлерінің құқықтарын қорғауда айрықша еңбегімен танылған көшбасшы.
Оның бастамасымен жүзеге асқан әлеуметтік жобалар мен қайырымдылық іс-шаралар кәсіподақ мүшелерінің бірлігін нығайтып, ұйымның беделін арттыруға үлес қосуда.
Түркістан облысы әкімі Нұралхан Оралбайұлы Көшеровтың Грамотасымен Бахтияр Абдураимов марапатталды.
Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішовтың Грамотасы Ермахан Тілепбергенге табысталды.
Ал Сатыбалды Дәулеталиннің Құрмет грамотасымен кәсіподақ қозғалысының дамуына елеулі үлес қосқан белсенділер: М.Таукеева, Ж.Сабиров, М.Кулбаева , О.Тұртаев, Н.Хильветова , Р.Атаханова , Н.Молдабаев марапатталды
Мерекелік жиында кәсіподақ қозғалысының тарихы мен жетістіктері сараланып, еңбек адамдарының әлеуметтік әл-ауқатын арттыру және әділетті еңбек қатынастарын дамыту бағытындағы жаңа міндеттер талқыланды.
Салтанатты шара жоғары ұйымдастыру деңгейімен және мазмұнды бағдарламасымен есте қалды!