
КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Қазақстан Кәсіподақтар қозғалысының 120 жылдығы және Кәсіподақтар Федерациясының құрылғанына 35 жыл толуына орай Атырау қаласындағы Абай орталығында салтанатты жиын өтті.
Жиынға қатысушылар алдымен атаулы датаға байланыты арнайы дайындалған, кәсіподақтар қозғалысының құрылу, қалыптасу және даму тарихынан сыр шертетін фото көрмені тамашалады.
Салтанатты шараның шымылдығы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің құттықтау бейнежазбасымен ашылды. Атаулы күнге және қос мерекеге орай жиылғандар алдында Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Әлібек Семғалиев баяндама жасады. Саналы ғұмырының біраз бөлігін кәсіподақ саласына арнаған бір топ ардагерге сыйлықтар ұсынылды.
Салтанатты жиын одан әрі кәсіподақ белсенділерін ұлықтау шараларына ұласты. Кәсіподақтар федерациясының «Құрмет грамотасымен, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының «Кәсіподақ ардагері» , «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін» ,«Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталды.
Мерекелік шараға қатысушылар Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның Мұрагер ансамблінің өнерін тамашалады.
Атырау облыстық ұйымы